Шымкент қаласының Тұран ауданында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Қазіргі таңда ауданның 98,5 % сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал, ауыз су жүйесі жүргізілмеген Айкөл шағынауданында құбыр тарту жұмыстары 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.
Тұран ауданында 95,2 % тұрғын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта Құрсай шағынауданында жарық жүргізу жұмыстары басталып, 2025 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарда тұр. Жоспарға сай, 2026 жылға қарай Тұран ауданы инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі.