​Шымкент тұрғыны төсін жалаңаштаған арудың үстінен сотқа шағым түсірген

0
2 669

Азамат шағымын Жамбыл облысының прокуроры мен облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басшысына жолдаған.


​Шымкент тұрғыны төсін жалаңаштаған арудың үстінен сотқа шағым түсірген

ERNUR.KZ. Құрманғазы Мүсір есімді азамат сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған арудың үстінен арыз жазды. Шымкент тұрғыны бойжеткеннің ұлттық намыс пен абыройды қорлағанын айтып ашынған, деп жазады NUR.KZ.

Анықталғандай, азамат шағымын Жамбыл облысының прокуроры мен облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басшысына жолдаған.

Шырын Нарчаеваның үстінен шағым түсіргенін ер адам өзінің Instagram парақшасында жариялады. Оған қоса, Құрманғазы Мүсір дәлел ретінде жазған арызын суретке түсіріп, ел назарына ұсынған.

"Менің арыз беру себебім, үстіміздегі 2018 жылдың желтоқсан айының басында "Instagram" әлеуметтік желісінде, Шырын Наршаева есімді ару өзінің желідегі жеке парақшаларында, Қазақстан Республикасының азаматтарының, қазақ ұлтының тарихи құндылығы, мақтанышы болып танылатын ұлттық киім кешекті жартылай киіп, денесінің кеуде тұсын жалаңаштатты. Олөзін қазақ қызымын деп таныстырып, ұлттық рухани маңыздылығы мен құндылығы бар, тарихи мақтаныш болып танылатын әшекейлі киімді қорлай отырып, жапанға жар салып белгісіз азаматша жарияланған болатын.

Арада көп ұзамай, аталмыш желідегі басқа да тұтынушылардың және "youtube" желілеріне тарап кеткен қоғамдық үрейден соң, аталған Шырын Наршаеваның ізін қуушылар шықты. Бастапқы Шырын Наршаеваның жариялаған бейнесіне пародия ретінде "Instagram" желісіне белгісіз азият ұлттық екі жігіт бейнетаспа жариялап, онсыз да мазақ қылып тұрған қазақ қыздарының ұлттық киімін одан беттер қорлап отыр.

Аталған жағымсыз, тексіз іс әрекеттермен, аталған тұлғалар өздерінің шығу тегінің жоқтығын баяндап қоймай, қазақ ұлтының тарихи маңыздылығы бар, мақтанышы болып табылатын қазақ қыздарының көнеден келе жатқан әшекейлі заттарын: үкілі сәукеле, тұрмаша, шолпы, шашбау, қапсырма, алқа және де тағы басқа ұлттық қазына болып саналатын киім кешек пен әшекейлі бұйымдарды қорлап, халықтың ғасырлар бойы жан беріп, қан төгіп қорғап келген ұлттық намыс пен абыройын қорлады" , - деп жазған шағымында Құрманғазы Мүсір.