ШЫМКЕНТ: жер учаскесіне байланысты мәселесі бар азаматтарға көмек көрсетілді

0
8

Қабылдау барысында денсаулық сақтау және қылмыстық істерге қатысты мәселелер де қаралды. Заңгерлер тиісті кеңестерін беріп, азаматтардың құқықтарын қорғау жолдары туралы толық ақпарат ұсынды.


ШЫМКЕНТ: жер учаскесіне байланысты мәселесі бар азаматтарға көмек көрсетілді

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қала тұрғындарына заңгерлер тарапынан тегін кеңес берілді.

Шара барысында түрлі салалардың мамандары азаматтарға құқықтық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды. Жобаның негізгі мақсаты – халықтың заңға қатысты сауаттылығын арттыру және қоғамдағы құқықтық мәселелерді шешуге көмектесу.

Қоғамдық қабылдауға қатысқан заңгерлер арасында Шымкент қалалық Әділет департаментінің басшысы орынбасары Болат Усипбеков, Әділет департаментінің бас маманы Перизат Ермаханқызы, АХАЖ бойынша маман Нюлифар Елтаева, «Zangerler palatasi» заң консультанты Нұрғали Тоғызбаев, нотариус Айнұр Тасболатова, сондай-ақ адвокаттар Ерлан Тлеуов, Шолпан Жолдасова және Аманжол Дуйсенов болды. Олар азаматтардың даулы мәселелеріне қатысты құқықтық кеңестер беріп, тиісті заңды шешімдер ұсынды.
Келушілердің арасында түрлі тақырыптағы мәселелер көтерілді. Мысалы, жер дауы бойынша көмек сұраған бір азамат өзінің анасының жеке жер учаскесін алаяқтардың иемденіп кеткенін айтып шағымданды. Заңгерлер бұл іске мұқият танысып, шағымданушыға тегін қорғаушының тағайындалатынын және іс сотта қаралатынын түсіндірді.
Сонымен қатар, Найман елді мекенінің тұрғыны еңбек ақысын ала алмай қалғанын айтып жүгінді. Бұл азамат жалғыз емес екенін және оның әріптестері де дәл осындай мәселеге тап болғанын жеткізді. Мамандар жағдайды зерделеп, келісім-шартсыз жұмысқа қабылданған азаматтардың еңбек инспекциясына шағымдануы қажеттігін түсіндірді. Ал егер бұл қадам нәтиже бермесе, онда сотқа жүгіну ұсынылды.
Қабылдау барысында денсаулық сақтау және қылмыстық істерге қатысты мәселелер де қаралды. Заңгерлер тиісті кеңестерін беріп, азаматтардың құқықтарын қорғау жолдары туралы толық ақпарат ұсынды.
Бұл қоғамдық қабылдау «AMANAT» партиясының халықпен тығыз жұмыс жасау, олардың құқықтарын қорғау, әрі заңдық мәселелерге қатысты қажетті көмек көрсету бағытындағы маңызды бастамасы болып табылады. Шымкент қаласы тұрғындарына көрсетілген құқықтық көмек шарасы өз тиімділігін көрсетті, ал партия өкілдері мұндай іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұруды жоспарлап отыр.
Бөлісу