ШЫМКЕНТ: Жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан науқастарға ота жасалды

0
837

Білікті кардиохрургтар екі науқасқа жүрек ырғағын қалпына келтіретін құрылғы орнатты.


ШЫМКЕНТ: Жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан науқастарға ота жасалды

Шымкент қаласындағы №2 ауруханада алғаш рет жоғары технологиялық кардиовертер-дефибриллятор функциясы бар кардиостимуляторды орнату отасы жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күрделі операцияны тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған арнайы шеберлік сағатында ҚР Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығы ауруханасының мамандары мен Шымкент жүрек орталығы дәрігерлері бірлесе жасады. Білікті кардиохрургтар екі науқасқа жүрек ырғағын қалпына келтіретін құрылғы орнатып берді.
Тәжірибелі мамандар екі отаны да сәтті жасап шықты. Қазір науқастардың жағдайы жақсы.
Заманауи технологияға негізделген мұндай операциялардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын мүгедектік, өлім-жітім жағдайларын азайтуда септігі мол.
Айта кетейік, Шымкенттегі онкология орталығында жоғары технологиялық оталар жасалады. Аталған орталықта 2018 жылдан бастап заманауи эндовидеохирургиялық құрылғылырдың орнатылуымен науқастарға инвазивті емес жоғарғы технологиялық операциялар жасау күнделікті тәжірибеге енгізілуде.
Атап айтқанда, кеуде, іш қуысы органдарының қатерлі ісіктеріне жасалынатын кіші инвазивті операциялар саны жыл санап артуда. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орталықта мұндай 115 күрделі операция жасалынған. Қазіргі таңда орталықтың хирургия бөлімшесі Шымкент қаласы бойынша кеуде қуысы патологияларына кіші инвазивті операциялар жасайтын жалғыз орталық.
Ал, 2021 жылдан бастап өңештің қатерлі ісіктеріне жасалынатын тораколапароскопиялық операциялар күнделікті тәжірибеге енгізілді. Осы уақытқа дейін мұндай күрделі операциялар республиканың жетекші ғылыми зерттеу институттарында ғана жасалынып келген болатын.
2022 жылы онкологиялық орталықта заманауи бипланды Phillips AZURION-7 ангиографының орнатылуымен науқастрға жасалынатын эндоваскулярлы операциялар саны артуда. Қазіргі таңда бұл құрылғының көмегімен бауыр, бас мойын, жамбас қуысы ісіктеріне шалдыққан науқастарға түрлі деңгейдегі күрделі эндоваскулярлы оталар жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 356 науқасқа эндоваскулярлы операциялар жасалынды. Соңғы 4 жылда мұндай күрделі операциялар онкологиялық дертке шалдыққан 1800 науқасқа жасалды.