Шымкентте 100-ге жуық пәтер жөнделді

0
628

Мердігер 15 миллион теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізді.


Шымкентте 100-ге жуық пәтер жөнделді

Шымкент қаласында азаматтардың әлеуметтік санатына берілген 96 пәтер жөнделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин брифинг барысында мәлімдеді.
Спикердің сөзінше, халықтың сапасыз тұрғын үйге, нашар жолдарға, жұмысқа орналасу кезіндегі алымдарға, коммуналдық қажеттіліктер және тағы да басқа мәселелерге қатысты әлеуметтік шағымдары шешімін табуда.
Әкімдікпен бірлесіп, азаматтардың әлеуметтік санатына берілген 96 пәтер жөнделді. Мердігер 15 миллион теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізді.

“Сондай-ақ, біздің араласуымыздан кейін «Бозарық» шағын аудандағы үй кезегіндегі азаматтарға арналған 360 пәтерге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Үйлеріне газ құбырларына дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгені үшін 20 мың теңгеден ақшалай қаражат жинаған «Тұран» мөлтек ауданы тұрғындарының шағымына сәйкес, Департамент әкімдік пен мердігер ұйым арасындағы келісімді қамтамасыз етті. Мыңнан астам тұтынушының үй қақпаларына кедергі келтірмеуі үшін газ құбырына тіректер 4 метрге дейін ұзартылды. Бұрын жиналған ақша тұрғындарға қайтарылды”, - деді Дәурен Ерғарин.

Сонымен қатар, соңғы 11 жыл ішінде көпқабатты үйдің тұрғындары жартылай жылытылатын пәтерлерде қыстаған. Тұрғындардың бірі Агенттіктің 1424 Call-орталығына жүгіндіп, әкімдікпен бірлесіп суық батареялардың көпжылдық мәселесі бірнеше күн ішінде шешімін тапты.