Оқу үлгерімі жақсы, белсенді оқушы болған.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы өзіне қол салып, қайтыс болды.
"2024 жылы 12 мамыр күні 11-сынып оқушысы өз үйінде, жеке бөлмесінде өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғаны анықталды. Мектеп әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, марқұм оқушы ешкіммен ұрсып, дауласпаған. Оқу үлгерімі жақсы, белсенді оқушы болған. Мектепішілік есепте тұрмаған. Аталған жайт бойынша құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізуде", - деп хабарлады Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.