Шымкентте 12 мың адам мінәжат ете алатын мешіт ашылды

0
250


Шымкентте 12 мың адам мінәжат ете алатын мешіт ашылды

Бүгін Шымкентте жаңадан бой көтерген «Сейітжан қари Есжанұлы» атындағы еңселі мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Мешіт кешенінің ашылу рәсіміне Меккеден шейх Осман Тоhа, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дін ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары да арнайы шақыртылған.

Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 12 мыңға жуық адам мінәжәт ете алатын мешіт ұлттық нақышта, классикалық ислам стилінде безендірілген. Іс-шара соңында Бас мүфти жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын өткізді.
Төрт гектар көгалдандырылған аумағы бар мешіт кешенінде ислам тарихының мұражайы, әйелдерге арналған оқу орны, медресе, кітапханалар орналасқан. Жобада әкімшілік бөлмелер, телеорталық, фитнес орталық пен асхана бар және 736 орынға арналған жерасты паркингі де жұмыс істеп тұр.
Бөлісу