Шымкентте 2 мыңға жуық азаматтың еңбек құқығы қорғалды

0
1 236

Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мәлімдеді.


Шымкентте 2 мыңға жуық азаматтың еңбек құқығы қорғалды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 1744 азаматтың еңбек құқығы қорғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мәлімдеді.

Азаматтардың еңбек құқығының сақталуы — еңбек өнімділігіне тікелей әсер етуші фактор. Оның тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да тікелей әсері болғандықтан жергілікті атқарушы органдар еңбек қатынастарының тұрақтылығын үнемі бақылап отырады.
Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты 1160 арыз-шағым мен өтініш қаралып, 296 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында 316 заң бұзушылық анықталып, 21,9 миллион теңге айыппұл салынған. Нәтижесінде 1744 азаматтың еңбек құқығы қорғалып, заң талаптарының орындалуы қадағалауға алынған.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің еңбек ақысын толық әрі мерзімінде төленуі бойынша да біршама жұмыс жүргізді. Мамандар жыл басынан бері азаматтардың 222,3 млн. теңге көлеміндегі еңбек ақысы өндірілгенін мәлімдеп отыр. Бақылау-қадағалау және медиация жұмыстарының нәтижесінде 57 кәсіпорынның 1 355 қызметкеріне еңбек ақысы төленген