3 қызметкер «қатаң ескерту» алса, 8 қызметкер атқарып отырған лауазымынан, 2 қызметкер жұмыстан шығарылған.
Шымкент қалалық Полиция департаментіне қылмыстық құқықбұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 19 ұсыныс жолданып, 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департамент басшысының орынбасарлары Т.Серікбаев және Б.Ұзынжастың, Полиция департаменті бастығының орынбасары М.Алтаевтың қатысуымен жол-патрульдік полиция қызметінің жеке құрамымен өткен кездесуде жарияланды.
Оның ішінде, 3 қызметкер «қатаң ескерту» алса, 8 қызметкер атқарып отырған лауазымынан, 2 қызметкер жұмыстан шығарылған.
«Полиция қызметкерлері жетондармен, сондай-ақ автокөліктерде бейнетіркеуіштермен қамтамасыз етілген. Одан бөлек Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрақты түрде жүргізілуде» - деді қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары М.Алтаев.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 нөмірлі call-орталығына хабарлау қажеттігі айтылды.