Өткен тәулікте коронавирустың 55 жағдайы тіркелген.
2020 жылдың 24 наурызы мен 17 шілде аралығында коронавирус ауруымен Шымкентте 4306 жағдай тіркелген. Олардың 2203-і симптомды болса, 2103-і симтомсыз, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен тәулікте коронавирустың 55 жағдайы тіркелген. Оның ішінде: симтомды 27 болса, симптомсызы -28.
Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов баяндады.
Жазылып шыққан науқастар 2499 адамды құрады.
4006 жағдайдың 22-і сырттан келген азаматттар, ал 2990-ы жергілікті науқастар. Оның 1290-ы қарым-қатынаста болған азаматтар.
Жас ерекшеліктері бойынша 18 жасқа дейінгі балалар 560, ал ересектер – 3746.
-Ағымдағы жылдың маусым айының 1-і күні жұқпалы ауруханадағы төсек орын қоры 450 болатын, маусым айының соңына дейін қосымша 200 төсек -орын ұйымдастырылып, нәтижесінде 650-ге жетті,-деді басқарма басшысының міндетін атқарушысы Т.Варзилов.
Оның ішінде: реанимациялық төсек-орын – 60, кислородпен қамтылған төсек-орын 155;