Шымкентте 29 жастағы әйел өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді

0
490

Екеуінің арасында жанжал туындап, азаматша ер адамның кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрған.


Шымкентте 29 жастағы әйел өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 29 жастағы әйел жанжал кезінде өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 25 сәуір күні Айбергенов көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған.

"25 сәуір күні Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына 1994 жылы туған азаматшаның өзімен бірге тұратын 1992 жылы туған азаматты қасақана қазаға ұшыратқаны туралы хабарлама түсті. Жедел-тергеу тобы Айбергенов көшесіндегі пәтерде екеуінің арасында жанжал туындап, салдарынан азаматша ер адамның кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрғанын анықтады. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 99-бабымен “адам өлтіру" СДТБТ-не тіркелді. Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.
Қалалық полиция өкілдерінің сөзінше, азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.