Шымкентте 50 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды

0
652

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.


Шымкентте 50 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды

Шымкент қаласында биылғы жылы 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылатын болады. Жалпы бүгінге дейін 50 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды.
Аталған жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында түнгі уақытта сызылуда.
Бүгінгі жүргізілген жұмыстар барысында;
- Бақбаев көшесінің жол сызықтары;
- Тайманұлы көшесінде орналасқан мешіт тұсындағы жаяу жүргінші өткелі;
- Әділбек Керімше және Аманқұлов көше қиылыстарындағы жаяу жүргінші жолы;
- Рысқұлбеков-Мәделі қожа көшелері қиылысындағы бағдаршамды жаяу жүргіншілер өткелі;
- 1 мамыр көшесінің Театральная және Жарқынбеков көшелері аралығы жаңартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Айта кетейік, қаладағы көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі саналатын Иляев көшесінде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғ.Иляев көшесінде, қазіргі уақытта Сасбұқаев көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықта, жалпы ұзындығы 2,7 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жобаға сәйкес, аумаққа асфальт-бетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тас төсеу қаралған.
Сонымен қатар, көше бойында ені 2 метрлік жаяу жүргінші жолы және Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін 1,5 метрлік веложол салу жоспарланған.

Ғ.Иляев көшесінің құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке – А» ЖШС тарапынан атқарылуда. Техникалық қадағалаушы – «Tech Build» ЖШС-гі.

Шымкент қаласында жол жөндеу жұмыстарымен қатар аялдамалар орнату жұмыстары да атқарылып келеді. Қала бойынша жалпы 1886 аялдама орны бар болса, оның 1444-і павильонмен қамтылған.
Осы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 900 жаңа үлгідегі аялдама қала көшелеріне орнатылады.