Күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б) салынған қорап таратылды.
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.
Игі шараға Шымкент орталық мешітінің қызметкері Абзал Жауһаров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев қатысты.
Бүгінгі күні арнайы бекітілген 5 орында жалпы саны 500 отбасыға (күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б) салынған қорап таратылды.