Шымкентте 600-ге жуық отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

0
1 073

Көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға жеткізіп беру жұмыстары қолға алынды.


Шымкентте 600-ге жуық отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгінгі қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұсабек Ақтамберді, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшілері Айбек Азимбаев, Ержігіт Мамытұлы қатысты.

Қайырымдылық шара барысында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 550 отбасыға жеткізіп беру жұмыстары қолға алынды.