​Шымкентте 90 млн теңгенің алтыны мен бриллиант бұйымдары ұрланды

0
1 302

Алтын бқйымдардың бір бөлігін базар жанындағы ломбардқа өткізіп жіберген.


​Шымкентте 90 млн теңгенің алтыны мен бриллиант бұйымдары ұрланды

Шымкентте 90 миллион теңгелік алтын бұйымдарды алып кетіп танысын шығынға батырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының тұрғыны танысының базардағы алтын павильонынан алтын және бриллиант бұйымдарын алып кетіп, нәтижесінде 90 млн. теңге мүліктік шығын келтіргенін айтып арызданған.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігімен “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” қылмыстық іс-тіркелді. Күдікті алтынның бір бөлігін базар жанындағы ломбардқа кепілдікке тастағаны анықталды. Ал қалған алтын бұйымдар 1982 жылы туған күдікті әйелден тәркіленіп алынды.

Осы аталған қылмыс бойынша Түркістан облысының тұрғыны ұсталып, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының тергеу бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.