Шымкентте ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары басталды

0
609

Қаланың шеткі аумағындағы 134 га жерге 111 622 түп ағаш көшеттерін отырғызу басталды.


Шымкентте ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары басталды

Шымкент қаласында жасыл белдеу көлемі ұлғайып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан қаланың жасыл белдеу көлемін ұлғайту жоспарға енген.
“Жасыл белдеу" КММ-сінің қызметкерлерімен қаланың шеткі аумағындағы 134 га жерге 111 622 түп ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда бұл аумаққа қарағаш көшеттері отырғызылып, 2 түрлі 5 трактор, УАЗ және ГазЕЛЬ техникалары, сонымен қатар жалпы саны 50 жұмысшы жұмылдырылды.
Ал, қаланың ішкі аумағына - Тұран мөлтек ауданы, Шымсити қалашығы мен Жаңа құрылыс көшелері бойына жоспардағы 100 000 ға жуық ағаш көшеттері отырғызылуда. Оның 14 000-ы емен, 25 000-ы ясень, 20 000-ы үйеңкі, 5 000-ы талшын, 25 000-ы катальпа ағаш көшеттері. Жоспарға сәйкес аталған ағаш түрлерінің қазіргі таңда 10 000 ға жуық данасы отырғызылды.