Шымкентте алғаш рет “Арнольдо Киари”синдромына шалдыққан науқасқа ота жасалды

0
844

Бұған дейін науқастар Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу орталығына жіберіле­тін.


Шымкентте алғаш рет “Арнольдо Киари”синдромына шалдыққан науқасқа ота жасалды

Шымкент қалалық клиникалық балалар аурухасында алғаш рет Арнольдо Киари синдромына шалдыққан науқасқа ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сирек кездесетін мұндай дерт түрінің жалғыз емі-операция ғана. Дәрігерлер күрделі отаны 15 жастағы ұл балаға жасады.

Мамандар науқасқа диагностикалық тексеру жүргізіп, диагнозын дер кезінде нақтылай білген. Жасөспірімінің өмірін аман алып қалу үшін қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі ота жасауға шешім қабылдайды. Жоспарлы операция сегіз сағатқа созылып, хирургтар науқастың миындағы ауытқуды хирургиялық жолмен емдеді. Нәтижесінде науқастың ақыл есінің жұмыс істеу қабілетін жақсартып берді.
Шымкентте мұндай ота түрін алғаш рет жасалып отыр. Бұған дейін науқастар Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу орталығына жіберіле­тін. Енді балалардың мұндай күрделі операциясын операцияны қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері жасайды.
– Операция барысында науқастың басының арт жағынан шүйде аймағының шөуде сүйегі дөңгелетіп кесіп алынды. Бірінші мойын омыртқасы алынады. Мидың өзінің қатты қабаты бар. Біздің мақсатымыз мишықты бос жатқызу. Мишықты босату арқылы синдромды емдейміз. Арнольдо Киари синдромның асқынуы науқасты шизофренияға, тіптен мүгедікттікке әкелуі мүмкін. Дерттің жалғыз емі, уақтылы жасалған операция ғана екені бүгінге дейін ғылыми түрде дәлелденген, - дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохирургы Самат Көкшібаев.
Күрделі отадан кейін науқастың жағдайы жақсы. Бүгін жасөспірімді жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.