Айыпталушылар қылмысын толық мойындады.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында алкоголь өнімдерін шығарумен айналысқан жасырын цехтардың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, тергеп-тексеру шаралары кезінде 1975, 1989 жылдары туылған Шымкент қаласының тұрғындарының «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы цехты және қаладағы Құрбан ата көшесінде орналасқан жер үйлердің бірін жалдағаны анықталған.
"Жасанды есепке алу-бақылау маркалары бар 3 атаулы («Родная степь» 5 817 дана бос шөлмектері, «Тау Эксклюзив» 180 дана бос шөлмектері, «Русская на бруньках» 44 дана бос шөлмектері) 6041 бос шөлмек, дайын «Родная степь» 1 200 дана шөлмек алкоголь өнімдері, 18 қорап қақпақтары, 2 тоннаға жуық спирт сұйықтықтары, сондай-ақ, 20 270 дана түрлі бос шөлмектер табылып, жойылды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айыпталушылар қылмысын толық мойындады. Сот үкімімен бірі 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, ендібіріне 1 531 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.