Шымкентте автокөлік әперемін деп 1,5 млн алған алаяқ ұсталды

0
1 707

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Шымкентте автокөлік әперемін деп 1,5 млн алған алаяқ ұсталды

Шымкент қаласында автокөлік әпермек болып ақша алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы ПД-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

22 қыркүйекте Шымкент ҚІІД Еңбекші ПБ-не30-35 жас шамасындағы жергілікті тұрғын арызданған.Онда өзінің танысы жеңіл автокөлік сатып алып беретінін айтып, ақшасын алып қайтармай жүргенін көрсеткен.

Аталған жайт Шымкент ҚІІД Еңбекші ПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің «алаяқтық» бабымен тіркелген.

Шымкент ҚІІД Еңбекші ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасыбарысында шамамен 30-35 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктінің алаяқтық жолмен 1 500000 теңгесін алғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді.

Егер де Сіз осындай қылмыстың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» полицияға хабар беріңіз.