"Шымкентте базарлар жабылады" - фейк

0
955

Шымкент қаласы қазіргі таңда "жасыл" аймақта.


Шымкент қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Шымкентте базарлар жабылатыны туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мамандар берген мәліметке сүйенсек, әлеуметтік желіде өткен жылғы карантин тұсында департамент басшысының орынбасары А.Ахметовтің телеарнаға берген сұхбаты тарап жатыр. Онда санитар дәрігер карантин күшейтілгенін айтып, базарлар жабылатынын хабарлаған. Ал көпшілік жұрт видеоның 2021 жылы түсірілгенін ескермей, түсінбеушілік танытып жатыр.

«WhatsApp желісінде Шымкент қаласындағы базарлардың жабылуы туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл - департамент басшысының орынбасары А.Ахметовтің 2021 жылы берген сұхбаты», - деді Шымкент қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы У.Әлібаева.

Айта кетейік, Шымкент қаласы қазіргі таңда "жасыл" аймақта.