Іс-шара барысында автокөлік жолының бойына өртке қарсы минералды жолақтар салынды
Қала аумағындағы орман, дала және егістік алқаптардағы өрттің алдын алу және жою бойынша құрылған мобильдік топ жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Күннің қатты ысып, дала өрті қауіпінің күшейуіне орай Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында орналасқан 32 шаруа қожалықтың иелері және тұрғындармен қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтау, темекі және шыны ыдыстарының қалдықтарын тастамау, алғашқы өрт сөндіру құрал жабдықтарының болу қажеттілігі бойынша үгіт-насихат өтті.
Сондай-ақ, іс-шара барысында Ақтас 1, 2 тұрғын алаптарындағы 3 шақырым автокөлік жолының бойына кемінде 7 метр етіп өртке қарсы минералды жолақ салынып, жергілікті шаруа қожалықтың иелеріне көктемгі-күзгі егіс жұмыстарын жүргізу кезінде дәнді-дақыл қалдықтарын тазалау мен қураған шөптесін өсімдіктерді жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.