Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған адамды аман алып қалды

0
2 460

Жедел көрсетілген реанимациялық көмектің нәтижесінде азаматтың жүрек қағысы қайта соққан.


Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған адамды аман алып  қалды

Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған адамды аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

26 қаңтар күні қаладағы жедел жәрдем стансасына 65 жастағы кісінің денсаулығы нашарлағаны туралы хабар түскен. Шақыртуға барған мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде, ер адам есінен танып қалған. 103 қызметкерлері шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсеткен. Жедел көрсетілген реанимациялық көмектің нәтижесінде азаматтың жүрек қағысы қайта қалпына келіп, қалыпты жағдайға түсті.


Жағдайы қалыпқа келген ер кісіні жедел жәрдем қызметкерлері қаладағы жүрек орталығына жеткізді.