Шымкентте дарынды оқушылар марапатталды

0
874

«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты мерекелік іс-шарасы өтті.


Шымкентте дарынды оқушылар марапатталды

Шымкентте үздік білімімен дараланып, өнерімен тамсандырған оқушылар мен педагогтар мереке қарсаңында марапатқа ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ

«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Жастар ресурстық орталығына оқу үздіктері жиналды. Салтанатты жиында алғаш болып сөз алған «Дарын» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Раушан Джеренова шымкенттік оқушылар мен ұстаздар қауымының биылғы жетістіктеріне тоқталып, бағы жанып топтан оза шапқандарды құттықтады.
Үшінші мегаполистің ғылым және білім саласында бәсі биік. Биыл шаһарымызда «Дарын» орталығы құрылғаннан бастап білімді шәкірттердің танылуына жол ашып, олар өз білімдерін республикалық және халықаралық сайыстарда бақ сынап жеңістерімен қуантып келеді. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жүлдегерлер мен олардың жетекшілері марапатталып жатыр. Оқу-ағарту саласында тер төгіп жүрген әріптестеріме зор табыс тілеймін, - деді Р.Омарханқызы.
Салтанатты жиын барысында республикалық олимпиадада оқ бойы озық шығып, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар танылған жеңімпаздарға ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың және тағы басқа да азаматтардың атынан келген Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, мерекелік кеште Оқушылар сарайы «Шабыт» театр үйірмешілерінің қойылымы сахналанды. Сондай-ақ, «Алтын ғасыр» эстрадалық вокалды ән тобы өнер көрсетті.