Шымкентте денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

0
659

Қызметтен өз еркімен кеткен.


Шымкентте денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Оның сөзінше, қызметтен өз еркімен кеткен. Әлеуметтік желідегі жазбасында отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кеткенін айтқан.

Бұл ақпаратты Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы растады.

Еске сала кетейік, Бақытжан Позилов қалалық Денсаулық басқармасының басшысы қызметіне 2020 жылы 3 қазанда тағайындалған болатын.

Бақытжан Жолдасбекұлы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, "травматолог-дәрігер" мамандығы бойынша білім алған.