Шымкентте электр энергиясының тарифі жоғарылауы мүмкін

0
1 991

Аталған өзгеріс 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталуы ықтимал.


Шымкентте электр энергиясының тарифі жоғарылауы мүмкін

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Табиғи монополия заңдылықтарына сәйкес базалық табиғи монополия субъектілеріне тарифтердің шекті деңгейлері 5 және одан да жоғары жылдарға бекітілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгінгі ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіШымкент қаласы бойынша департаментінің 2019 жылы атқарған жұмыстары жөнінде өткен баспасөз брифингінде департамент басшысы Қайынбердиев ДарханӘбілқасымұлы айтып берді.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясының тарифі жоғарылауы мүмкін. Бұл өзгеріс электр станцияларымен өндірілетін электр энергиясының шекті тарифтерінің жоғарылауына байланысты болып отыр.