Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Ең үздік еңбек адамдарын мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн" - деген болатын.
Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай бүгін Шымкентте “Еңбекпен өткен өмір - ұрпаққа үлгі” атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен кәсіподақ өкілдері қатысты.
Салтанатты кеште «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Байқау еңбеккерлерді танымал ету және
ынталандыру мақсатында республика көлемінде ұйымдастырылып отыр. «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша марапатталған жеңімпаздарға алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Ең үздік еңбек адамдарын мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн" - деген болатын.
«Өндірістің жас қызметкері» номинациясымен «Бал текстиль» ЖШС тоқымашысы Қ. Арапбаев, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясымен «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС-нің технологиялық цех бастығының орынбасары Қ.Мірхайдаров, «Үздік еңбек әулеті» номинациясымен «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік инспекторы Р. Тұрғанұлы марапатталды.
Жеңімпаздар «Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңінде Шымкент қаласының атынан қатысатын болады.
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді.
Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару.