Шымкентте ер адам отбасындағы келеңсіздіктер үшін көпірден секірмек болды

0
743

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте ер адам отбасындағы келеңсіздіктер үшін көпірден секірмек болды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден алынған

Шымкент қаласында өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері қаладағы құқықтық тәртіпті бейнебақылау камералары арқылы қамтамасыз ету кезінде Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысында көпір қоршауына шыққан ер адамды байқаған. Кезекші инспекторлар жылдам әрекет етіп, жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің автоэкипажын жіберген.
"Ол тәртіп сақшыларының әңгімесіне назар аударып, отбасы мен балалары туралы сұраққа жауап бере бастаған. Дәл осы сәтте полиция оны ұстап алып, қауіпсіз жерге жеткізді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Болған оқиғаның барлығы полиция қызметкерлерінің бейнежазбасына түсіп қалған.
Көпбалалы әке отбасындағы келеңсіздіктерге байланысты өз-өзіне қол жұмсауға бел буған екен. Қазір оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.