Шымкентте «ІQALA» жобасы жүзеге асады

0
943

«Iqala» қала тұрғындарына қызметтерді онлайн алуға көмектеседі.


Шымкентте «ІQALA» жобасы жүзеге асады

Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландырудағы жобалардың бірі – «Iqala» жобасы. Цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдіраханов алдағы даму жоспарларына сәйкес, қала әкіміне аталған жобаны ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде қалада ұсынатын қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі. Бұл өз кезегінде бюрократияға, уақыт жоғалтуға әкеп соқтырады. Iqala қалалық қызмет көрсету орталығы – Нұр-Сұлтан қаласының үлгісі бойынша дайындалуда.
– Iqala қала тұрғындарына қызметтерді онлайн алуға көмектеседі деп жоспарлап отырмыз. Жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіреді. Жеке және заңды тұлғалар үйден шықпай-ақ қызметке өтінім бере алады. Бұл бір реттік өтінішпен бірнеше қызмет алуға мүмкіндік береді. Жоба коммуналдық қызметтердің ашықтығын көрсетеді, – дейді басқарма басшысы.
Атап айтқанда, жоба бойынша коммуналдық қызметтерді алу процедураларын жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн режимінде ұсыну, құжаттарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде тапсыру, өтінімнің мәртебесін бақылау, құжаттарды сақтау сынды оң нәтижелер көзделуде.
Әсет Маратұлы 1 кезеңде мекемелер (Оңтүстік Жарық Транзит, «ҚазТрансГазАймақ», Су ресурстары маркетингі, Қуат Жылу Орталығы) ұсынатын 70 қызметті цифрландыруды жоспарлауда.