Шымкентте «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

0
991

Жас және әйел кәсіпкерлер үшін жылдық 1%-бен 10 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған.


Шымкентте «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

Шымкент қаласында шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан басқа «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бағдарлама шеңберінде жас және әйел кәсіпкерлер үшін жылдық 1%-бен 10 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған.
Сонымен қатар, өнеркәсіптік парктерді дамыту үшін шаралар қабылдануда. Ол бойынша кәсіпкерлерге тоқтап тұрған өндірістік кәсіпорындардан өнеркәсіптік алаңдар беріледі. Сондай-ақ өнеркәсіптік парк аумағында өз жобасын іске асыру үшін 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер беріледі.