Шымкентте карантин режимін бұзғандардың саны мыңнан асты

0
955

Анықталған құқық бұзушылық жайттарына қатысты нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша хаттама толтырылды.


Шымкентте карантин режимін бұзғандардың саны мыңнан асты

Шымкент қаласының полицейлері тұрақты түрде карантиндік шараларды бақылау және сақтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Арнайы мобильдік топтар адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрақты рейдтік шаралар мен тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Соның нәтижесінде қала аумағында мобильдік топтар карантин енгізілген уақыттан бері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" бойынша 1047 құқық бұзушылық анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар:

- Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар – 204;
- Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 55;
- Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 147;
- Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 333;
- Демалыс аймағы – 2;
- Басқада орындарда – 306;
- Көпшілік орында бетпердесіз жүргені үшін - 284.
Карантин режимін бұзу фактілеріне сараптама жүргізу барысында, төмендегі нысандар бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол бергені анықталды.
- Абай ауданы, «Шафран» кафесі -2
- Абай ауданы, «Метро» түңгі клубы -2
- Әл-Фараби ауданы, «Арзан» дүкені -4
- Әл-Фараби ауданы, «Донер» орталығы -3
- Әл-Фараби ауданы, "Мерей" тойханасы -7
- Әл-фараби ауданы, «Жұлдыз» мейрамханасы -3
- Әл-фараби ауданы, «Чехов-PUB» кафесі -5
- Әл-фараби ауданы, «Shelby» тойханасында -5
- Әл-фараби ауданы, «АВАЗ-АТА» азық-түлік дүкені -9
- Әл-фараби ауданы, «FC» интернет клубы -7
- Еңбекші ауданы «777,7 бочек» кафесі -2
- Еңбекші ауданы, «Злиха» саунасы -2
- Еңбекші ауданы «Татьяна» сауна -2
- Қаратау ауданы, «RoyaL Rose» тойханасы -3
Тәртіп сақшылары ұдайы тұрғындарға карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал анықталған құқық бұзушылық жайттарына қатысты нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша хаттама толтырылып, жинақталған материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған.