Шымкентте қатты желден үйлердің шатыры тағы да ұшты

0
465

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Шымкентте қатты желден үйлердің шатыры тағы да  ұшты

Шымкент қаласында қатты соққан желден бірнеше нысанның шатыры ұшты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, Шымкентте 6 маусым сағат 18.25-18.36 арасында 15-28м/с қатты жел соқты. Салдарынан бірнеше мекенжайда үйлердің шатыры ұшты.
Атап айтқанда, Байтұрсынов көшесі 90А 5 қабатты үйдің 40 шаршы метр болатын шатыры ұшып, Қонаев даңғылы 1 үйдің ауласына құлаған. "Тoyota Corolla " маркалы автокөлікке зақым келтірді.
Сондай-ақ, Солтүстік шағын ауданы 52 үйдің шатыры қатты соққан жел салдарынан құлаған. Оқиға орнына Төтенше жағдай қызметінің 2 техникасы мен 8 қызметкері жіберілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде жағдай тұрақты.