Kazakhstan Fashion Week (KFW) Shymkent сән апталығында отандық және шет елдік дизайнерлер pret-a-porte киім жиынтығын көрсетуде.
Шымкентте Қазақстанның сән апталығы бастау алды. Келер 2020 жылдың көктем-жаз маусымының сәнді трендтері таныстырылып жатыр деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Kazakhstan Fashion Week (KFW) Shymkent сән апталығында отандық және шет елдік дизайнерлер pret-a-porte киім жиынтығын көрсетуде. Еліміздің үшінші мегаполисінде үшінші рет өтіп жатқан сән мерекесінде LEXUS орталығы ең үлкен Showroom ұсынды. Сән апталығының шымылдығы Аида Кәуменованың жаңа топтамасымен ашылды.
"Басқа басқа Шымкент жұртшылығына жаңа топтаманы аса ыждаһаттылықпен ұсынам. Өйткені, Шымкенттің өз менталитеті бар, әрі мен Шымкентке келінмін,"-дейді дизайнер.
KFW -тің негізін қалаушы Алексей Чжен, дизайнерлер Аида Кәуменова, Наиль Байчучуков, Дана Наби сынды сән майталмандарымен бірге Түркия елінен келген Айдын Ачик, өзбекстандық Эльмира Батырова секілді шет елдік фэшн өндірісіндегі танымал дизайнерлер шымкенттік сәнқойларға жаңа маусымның жаңалықтарын жеткізді. KFW SHYMKENT сән мерекесін ұйымдастырушы Sulumodels сән агенттігінің басшысы Ақжамал Әбілдаева.
"Қазақстанныңсән апталығын осымен үшінші рет өткізіп отырмыз. Отандық танымал дизайнерлер мен сән әлеміне енді ғана аяқ басқан жастардың басын қосып, жастарға қолдау көрсетуді мақсат еттік. KFW SHYMKENT әрі бизнес алаңшасы", - дейді Ақжамал Әбілдаева.
(Фото: Асхат Әссанди)