Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкент қаласында жол құрылыстарының басталуына байланысты кейбір көшелерде жол қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жол құрылыстарының басталуына байланысты Қонаев даңғылы жалғасының II - кезеңі бойынша Әйтеке би көшесін Амангелді көшесінен Володарский көшесіне дейінгі аралықты 20 СӘУІР – 4 МАМЫР аралығында жабу жоспарлануда. Бір жақтама жол қозғалысы шектетіліп, асфальтобетон қабатын алу, жиектастарды бұзу, қазу жұмыстары жүргізілмек.
Ал негізгі жұмыстарды бастау үшін 4 МАМЫР-20 ТАМЫЗ Әйтеке би көшесі Бостандық, Амангелді көшелерінен Володарский көшесіне дейін көліктердің жол қозғалысы толығымен жабылады. Нысанды айналып өту мақсатында көліктердің қозғалысы Қабанбай батыр, Ерманов, Володарский, Бостандық және Өзбек көшелерімен ұйымдастырылатын болады.
Тәуелсіздік көшесінің жер асты өткелінің құрылысы аяқталғаннан кейін, көліктердің қозғалысы Тәуелсіздік көшесімен ұйымдастырылып, 2021 жылдың 20 тамызынан бастап 20 қарашасына дейін қазу жұмыстарын жалғастыру үшін Әйтеке би көшесі Амангелді көшесінен Гүлбах көшесіне дейін көліктердің қозғалысы үшін жабылады.
Амангелді, Бостандық, Милицейская, Өзбек, Красноярская, Шымкент көшелерінің тұрғындары үшін осы орамның батыс бөлігінен қолданыстағы Қалдаяқов, 8 март көшелері арқылы қозғалуға және шығыс бөліктен Түркістан, Тоқаев, Әйтеке би көшелері арқылы кіріп-шығуға мүмкіндік қарастырылған.