Жиынға қатысушылар мұрағат құжаттарында баяндалған тарихи деректер жөнінде пікір алмасты.
Шымкент қаласында «Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармашылығы және әлем мәдениеті» тақырыбында халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жиынға Өзбекстан Республикасының ресми делегациясы, ҚР өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының өкілдері, Ж.Ташенов атындағы университеттің ұжымы, қалалық жалпы орта мектептің мұғалімдері мен қала тұрғындары қатысты
Іс-шара барысында Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы, Шымкент қалалық қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары И.Хашимжанов ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқыды. Сонымен қатар, ҚР Сенатының депутаты А.Сатыбалдиев, Туркия, Тәжікстан Республикаларынан онлайн құттықтаулар жеткізілді.
Жиын барысында Өзбекстанның Республикасының жоғарғы мәжіліс сенатының мүшесі, республикалық рухани-ағарту орталығының басшысы Х.Ходжиматов, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының доценті, филологиялық ғылымдарының докторы, ҚХА-ның Өзбекстандағы «Достық елшісі» Х.Хамроеватүркі тілдес халықтарының даңқты қолбасшы, ғажайып өлең-жыр жазып кеткен ғұлама ақын, тарихшы Захириддин Мұхаммед Бабырдың өмірі, шығармашылығына тоқталып, екі бауырлас халық арасында өткізіліп жатқан халықаралық конференциялардың кейінгі ұрпаққа қажет екенін атап өтті.
Жиынға қатысушылар мұрағат құжаттарында баяндалған тарихи деректер жөнінде пікір алмасып, ғұлама ақын, тарихшының елге қосқан үлестері жөнінде ойларын жеткізді.
Сонымен қоса, өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы шығармашылық ұжымдардың деректі фильмі көрсетілді.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция екінші күні Сайрам ауданындағы Ю.Сареми атындағы 107 мектеп-лицейінде өтті. Өзбекстаннан келген қонақтарға қазақ халқының ағаштан ойып жасалған қара қоңыраудан, қобыз бен домбырадан тұратын кәдесыйлары, ал әйелдерге «Сәукеле» сувенирлік сый-сияпаттары тапсырылды.