Одан басқа 300-ге жуық медициналық жабдықтар шығарылады.
Шымкентте 2 қарашадан бастап «Қазмедприбор» ИВЛ аппараттарын шығаруды бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Онда күніне 20-25 ИВЛ аппаратын шығаруға мүмкіндік бар. Одан басқа 300-ге жуық медициналық жабдықтар шығарылады.
Қалада 612 ИВЛ бар, оның 405 КВИ-ға қарсы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, эпидемияның екінші толқынына дайындық кезінде реанимациялық төсектерді жабдықтау мақсатында 314 функционалды кереует, 381 дозаторлар, 266 реанимациялық мониторлар және 381 медициналық сорғыш қондырғылар сатып алынды.
3 оттегі станциясын орнату бойынша жұмыстар аяқталды: екеуі Қалалық инфекциялық аурухана базасында және біреуі №3 қалалық ауруханада. Бұдан бөлек медициналық ұйымдардағы 717 оттегі нүктелерін қосу және сұйық оттегіге арналған 9 резервуар орнату жұмыстары жүргізілуде.
13 санитарлық көлік демеушілік ретінде берілді. Мобильді бригадаларға жұмыс жасауға емханаларға бекітілді.