№1 қалалық емханада МӘМС бойынша БАҚ өкілдері үшін арнайы пресс-тур өткізілді.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен №1 қалалық емханада пресс-тур өтті. Шараға қатысқан БАҚ өкілдеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша емханада жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тіркеу бөлімінде алдымен науқас анықтама орнына жүгінеді. Онда ЖСН-мен "КМИС/БХТ" бағдарламасы бойынша сақтандырылу мәртебесін айқындайды. Егер пациент сақтандырылмаған жағдайда, оған 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық қызмет тегін көрсетіледі. Бірақ 1 сәуірге дейін пациент міндетті түрде төлемдерді төлеу керек. Сондай-ақ, төлемдерді емхана ішінде орналасқан «Касса 24» терминалында төлеуге болатынын айтты мұндағы дәрігерлер.
Тіркеу бөлімінің қызметкері пациентті учаскелік дәрігердің қабылдауына жібереді. Бұл жерде қажетті медициналық құжаттарға, еңбекке жарамсыздық парағына мөр басатын және емханаға тіркеуге жауапты медбикелер жұмыс атқарады. №1 қалалық емханадағы тіркеу бөлімінде халықтың игілігі үшін бас дәрігердің азаматтарды қабылдау бөлмесі ұйымдастырылған. 2019 жылда күндізгі стационар 30 койкаға дейін кеңейтілді. Сонымен қатар, кеңес-диагностикалық медициналық қызмет түрлері кеңейтілген, соның ішінде стоматологиялық және қымбат туратын қызметтер (МРТ, КТ, ИФА, ПЦР және т.б.). 2019 жылда ЛОР комбайн сатып алынды.
№1 қалалық емханада жыл басында оңалту кабинеті ашылды. Мұнда неврапатолог дәрігерлер пациенттерге оңалту емін жүргізеді.