«Hyundai bayon» автокөлігін тізгіндеген ханымның құжаттарын тексеру барысында оның оғаш әрекеттері күмән туғызған.
көрнекілік үшін сурет: dknews.kz
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында көлікті мас күйіндірге жүргізген әйел жүргізуіші куәлігінен айырылды.
Заң бұзушыны патрульдік полицейлер түнгі уақытта Арғынбеков көшесінің бойында тоқтатты.
Тәртіп сақшылары «Hyundai bayon» автокөлігін тізгіндеген ханымның құжаттарын тексеру барысында оның оғаш әрекеттерінен күмәнданып, медициналық тексеруден өтуін сұраған.
Нәтижесінде, азаматшаның жеңіл дәрежедегі масаң күйде екені анықталып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» бойынша хаттама толтырды.
Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Сот шешімен жүргізуші әйел 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғанын хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.