Шымкентте мейрамхана иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
479

Көпшіліктің қатысуымен өтетін жиындарды тоқтату қажеттігін ескертіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Шымкентте мейрамхана иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласындағы карантиндік талаптарды сақтауды қатаң бақылау жөніндегі қала әкімі тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарды аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аралау барысында мейрамхана иелерімен кездесті. Аудан әкімі қазіргі таңда эпидахуал тұрақты болмауына байланысты Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес көпшіліктің қатысуымен өтетін жиындарды тоқтату қажеттігін ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, аталған талаптар сақталмай заң бұзушылық орын алған жағдайда, кәсіпкерлік нысан басшылығына Заң шеңберінде тиісті шаралардың қолданылатынын да атап өтті.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде аудан аумағында жалғаса бермек.