Мереке күні 31 қыз бала, 26 ұл бала туылған.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі күні Шымкентте 57 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкент қалалық перинаталды орталықтың әкімшілігі мейрам күні өмірге ұрпақ әкелген аналарды құттықтады. Олардың әрбіріне гүл сыйлап, нәрестелерге қажетті бұйымдар тарту етті. Балаларын құшағына басқан аналар бақытты. Құттықтаулармен қоса, сый-сияпатқа да бөленіп, қуанышқа кенелді.
Айта кетейік, мереке күні 31 қыз бала, 26 ұл бала туылған. Бұл күні өмірге ұрпақ әкелген аналар мегополисте ғана емес, еліміздің демографиясына қомақты үлес қосқаны ақиқат. Олардың арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерінің қатарын арттырғандар да бар.