78 нысан иелеріне «ескерту» жасалды.
Шымкент қаласының «қызыл аймаққа» енуіне байланысты COVID-19 індетінің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында мобильдік топтар күшейтілген режимде жұмыс атқаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еңбекші ауданында COVID-19 індетінің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топ жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 10 мобильдік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, волонтерлар) карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақыруда.
Мобильдік топтар 10-19 қаңтар аралығында халықтың көп шоғырланатын орындарында 750-ден аса нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 78 нысан иелеріне «ескерту» жасалды.
Жалпы аудан бойынша 13 базарлар, 725 ірі және ұсақ сауда дүкендері, 160 қоғамдық тамақтану орындары, 22 тойхана, 36 монша орталықтары орналасқан.