Қазіргі таңда аудан аумағындағы су басу қаупі бар 18 көшеде арнайы су тартатын техникалар жұмыс атқаруда.
Шымкентте жауған жауынның салдарынан бірнеше елді мекен көшелеріне су басу қаупі төнген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Су басу қаупі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар жұмыс атқаруда. Абай ауданының әкімі Б.Парманов жұмысшы топпен атқарылған жұмыстарды бақылап, тиісті шараларды жүзеге асыру мәселесін пысықтады.
Аралау барысында 112 орамда орналасқан Шынар, Юнатов, Аққараған көшелерін жаңбыр суынан тазартылуын тексеріп, тұрғындармен кездесті.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы су басу қаупі бар 18 көшеде арнайы су тартатын техникалар жұмыс атқаруда. Ол жұмыстарға 14 техника, қосымша төтенше жағдайлар департаментінің 6 су сорғыш мотопомпасы мен 68 қызметкер жұмылдырылған. Онда көше бойларындағы ирригациялық жүйелермен арық атыздар тазартылып, су басудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімдігінің тікелей бақылауына алынып, арнайы кезекшілік ұйымдастырылған.