​ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ 30 ҮМІТКЕР ТАҢДАЛДЫ

0
69


​ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ 30 ҮМІТКЕР ТАҢДАЛДЫ

Шымкент қаласында өңірлік кадр резервіне іріктеу 7 салалық бағыт бойынша жүргізілген.

Атап айтқанда, индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология. Цифрландыру бағыты бойынша үміткерлер анықталмағандықтан, қалған 6 бағыт бойынша 30 үміткер іріктелді.

Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірлік кадр резервіне іріктеудің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қадырбеков Қанат Керімханұлы баяндап берді.

Спикердің мәліметінше:

• Индустрия және өнеркәсіп: 6 адам (20%)
Экономика және қаржы: 6 адам (20%)
• Әлеуметтік сала: 13 адам (43,3%)
• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым: 3 адам (10%)
• Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары: 1 адам (3,3%)
• Экология: 1 адам (3,3%).
Іріктелгендердің құрамында: ерлер: 25 (83,3%), әйелдер: 5 (16,7%), жасы ең үлкені: 35, жасы ең кіші: 25.
Мемлекеттік қызметшілер: 19 (63,3%), оқытушылар: 4 (13,3%), жеке сектордан: 3 (10%), қоғамдық бірлестіктерден: 2 (6,7%), дәрігер: 1 (3,3%), азаматтық қызметші: 1 (3,3%).
Бұл іріктеу өңірлік басқарудың жаңа буынының қалыптасуына жол ашып, мемлекеттік қызметте талантты жастардың өз мүмкіндіктерін көрсетуіне мүмкіндік береді.

Еске салсақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Құрылымдық сұхбатты» 19-20 тамыз аралығында Шымкент қаласы әкімдігінде ұйымдастырды. Қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің төрағалығымен өткен жиналыста өңірлік комиссия мүшелері үміткерлердің жобаларына бағаларын берген болатын.

Бөлісу