Шымкентте өткен тәулікте 13 адамнан қауіпті инфекция анықталды

0
2 509

Пневмонияның 1455 жағдайы тіркелген.


Шымкентте өткен тәулікте 13 адамнан қауіпті инфекция анықталды

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 13 азамат анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 22 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6 072 жағдайы тіркелді (3092 - симптомды, 2980 - симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 5 530. Айта кетейік, 1 тамыздан 9 ақпанға дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды - U07.2) пневмонияның 1455 жағдайы тіркеліп, 2 адам емделіп шыққан.