Шымкентте өз үйінің жуынатын бөлмесінен ер адамның мәйіті табылды

0
864

1986 жылы дүниеге келген ер адамның мәйітін туыстары жуынатын бөлмеден тауып алған.


Шымкентте өз үйінің жуынатын бөлмесінен ер адамның мәйіті табылды

Шымкентте 35 жастағы ер адамның денесі өз үйінен табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 23 қаңтар күні Шымкент қаласы Қаратау ауданы Низами көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. 1986 жылы дүниеге келген ер адамның мәйітін туыстары жуынатын бөлмеден тауып алған.
Қазіргі таңда марқұмның неден көз жұмғаны анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.
"Үй-жайда газ колонкасы орнатылған, газ қызметін көзбен шолып қарау кезінде желдету арнасының болмауы, газ жабдығын орнату қағидаларының бұзылуы анықталған", - делінген баспасөз хабарламасында.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД, Өрт зертханасының, полиция департаментінің қызметкерлері, БСМП бригадасы, "ҚазТрансГазАймақ" ЖШС шықты.