Шымкентте пробациялық есепте тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

0
324


Шымкентте пробациялық есепте тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

ERNUR.KZ. Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.


Жәрмеңкеге қаладағы 20-дан аса жұмыс беруші мекеме қатысады. Медицина, техникалық, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету салалары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылады. Іс-шара Шымкент қалалық Еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.


Жәрмеңке 26 қаңтар күні сағат 11:00-ден басталады.

Өтетін орны: Арғынбеков көшесіндегі №243/3 ғимараты