Шымкентте «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жалғасып жатыр

0
618

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.​


Шымкентте «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жалғасып жатыр

Бүгін ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат қажы Қыдырмин Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сапар аясында Шымкент орталық мешітінде тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасына қатысты. Шара барысында ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының басшылығына және тұрақты акцияға қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкерлер мен шаһардың бас имамына арнайы алғысын жеткізді.
Бүгінгі күні арнайы бекітілген 5 орында 650 үйге (күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б) азық-түлік салынған қораптар үлестірілді.