Шымкентте республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

0
688

Конференция барысында студенттер өз ғылыми жобаларын қорғады.


Шымкентте республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Шымкент қаласында 12 сәуір — ғылым қызметкерлерінің күніне орай, Тәшенов университетінде «Жастар және ғылым – 2023» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы екі күндік республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ғылымға қызығушылық танытатын студенттерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл конференцияға Тәшенов университетінің белсенді студенттері қатысты.
Конференция барысында студенттер өз ғылыми жобаларын қорғап, түрлі тақырыптарда зерттеу еңбектерін ұсынған.
Конференцияның екінші күні шығармашылық идеялармен жалғасын тапты. Тәшенов университетінің студенттері мен оқытушыларының жұмысын көрсететін «Шығармашылық идеялар» фестивалінде қатысушылар ұлттық топтамалар мен кешкі жиындарға арналаған киімдер, балаларға арналған этностильдегі киімдер үлгісінен дефиле көрсетілді.
Университеттегі халықаралық байқаулардың жеңімпаз әншілері мен талантты студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Екі күнге созылған конференция қортындыланып, жеңімпаздарды марапатталды.
Айта кетейік, 12-сәуір — Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым, геолог Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Бұл күн осылайша ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне айналып отыр. Бүгінде еліміздегі ғылым саласының әлеуеті зор. Мәселен, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының коронавирусқа қарсы әзірлеген вакцинасын ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жан-жақты қолдауының арқасында ғылым саласында оң өзгерістер орын алып жатыр. Атап айтатын болсақ, ғылымды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі соңғы екі жылда шамамен екі есеге артқан. 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру көлемін жалпы ішкі өнімнің 1% дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл – отандық ғылымның дамуына үлкен серпін берері сөзсіз.