Науқаспен қарым-қатынаста болған 444 азамат дәрігерлердің бақылауына алынды.
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Соңғы бір аптаның ішінде қалада COVID-19 белгілері бар 102 науқас анықталған.
Науқаспен қарым-қатынаста болған 444 азамат анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеді.