Шымкентте соңғы жылдары тырысқақ жұқпасы тіркелмеген

0
509

Бүгінге дейін әлемде ковид секілді тырысқақтың 7 пандемиясы өткен.


Шымкентте соңғы жылдары тырысқақ жұқпасы тіркелмеген

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Тырысқақ және өткір ішек жұқпалы ауруларының алдын алу» баспасөз конференциясы өтті.

Бифингте Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Тұрымбетова Айгүл Мелесқызы, Шымкент қаласының обаға қарсы станциясы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әбілдаев Қазыбек Бегісбекұлы және Шымкент қаласының ДСБ штаттан тыс инфекционисті Ағабаев Мұрат Әлмағанбетұлы өңірдегі жағдайды баяндады.

Халық арасында ЖІИ ауруының жиі тіркелуі тырысқақтың таралуына да әкеп соғатынын ескертті спикерлер аталған брифингте.

Тырысқақ (лат. cholera) — тек адамнан адамға ауыз бен және нәжістік жолмен жұғатын (антропонозды), қоздырғышы вибрион түріндегі өте жоғары жұғымды аса қауіпті карантинді жіті ішек жұқпасы болып табылады.

Жұқпаның ерекшелігі ауа райы ыстық елдерде жиі таралады. Әсіресе Үндістан, Сауд Арабиясы, Сирия, Туркия, Монғолия секілді көптеген ыстық мемілекеттерде жиі кездеседі.
Бүгінге дейін әлемде ковид секілді тырысқақтың 7 пандемиясы өткен.
Шымкентте соңғы жылдары тырысқақ жұқпасы тіркелмеген. Тырысқақ ауруының вибрионы суда, ашық су қоймаларында, тағамда бірнеше айға дейін сақталады. Жұқпаның таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыштар арқылы жұғады. Сондай-ақ, қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады.
Тырысқақ ауруының жасырын мерзімі қысқа – 1 күннен 5 күнге дейін жалғасады.
Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы немесе жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, сонымен қатар қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауынан болады.
Ауырған науқастарды және осы ауруға күдікті науқастарды оқшаулап, дәрігерге дер кезінде көрсетіп, тағайындаған емін алу керек.

Науқастың ауырлық жағдайына қарай ауруханаға жатқызуын немесе амбулаториялық емделуін дәрігер шешеді. Үй жағдайында амбулаториялық емделген кезде жеке бастың тазалығын қатаң сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, көпшілікке жұқтырмаудың амалдарын қарастыру керек. Әр ауырған науқас өз бетінше емделуден аулақ болуы керек! Тек, дәрігер ғана дұрыс диагноз қояды, емдеу жолын қарастырып, емдеуді тағайындайды және қолайсыз жағдай тудырмаудың жолын біледі. Тырысқақпен ауырғандарды тез арада оқшаулап, ауруханада емдейді.

Бөлісу