Шымкентте стент-графт эндопротезін орнату отасы жасалды

0
529

Операция барысында хиругтар науқасқа тіліксіз іштік қолқаға стент-графт орнатып берді.


Шымкентте стент-графт эндопротезін орнату отасы жасалды

Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада алғаш рет Аортаның аневризмасы кезінде абдоминальды аортаға стент-графт эндопротезін орнату отасы жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Күрделі ота Нұр-Сұлтан қаласындағы «University Medical Center» Корпоративтік Қоры интервенциялық радиология бөлімінің меңгерушісі Виктор Викторович Землянский және №2 ауруханасының бас дәрігері Асқар Муратович Рахматалиевтің қатысуымен өтті.
Операция жасалған науқас 1951 жылғы қала тұрғыны. Егде жастағы кісі аяғының ауырсынуымен және аяқ тамырларының шағымымен келген. Қосымша зерттеу барысында іштік қолқаның аневризмасы анықталған. Аневризма үлкен және оның жарылу қаупі болғандықтан, науқастың өмірін аман алып қалу үшін жедел түрде ота жасау қажет болған.
Операция барысынд хиругтар науқасқа тіліксіз іштік қолқаға стент-графт орнатып берді.
«Операция сәтті өтті. Жоспарлы түрде жатқызылып, ота жасалған науқас 3-4 күн ішінде ауруханада болады. Жағдайы жақсарған соң үйіне қайтарылады. Алайда дәрігерлердің жіті бақылауында болады. Мұндай оталар алдағы уақытта аурухана қабырғасында көптеп жасалынатын болады», - дейді Асқар Рахматалиев.
Аорта – адам ағзасының қабырғалары тығыз және мықты болып келетін ең үлкен қан тамыры. Алайда, кейбір жағдайларда, олардың қабырғалары әлсіреуі мүмкін және бұл жағдайда олар кеңейеді, немесе аортаның аневризмасы туындайды. Мұндай жағдайда аорта жыртылуы мүмкін. Мұндай дерт көбіне алпыс жастан асқан ер азаматтарда кездеседі.